378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис кубогі: бүгін Қазақстан мен Ұлыбритания командалары сынға түседі

  • 255
  • UPD: 16:41, 21.11.2019
Дэвис кубогі: бүгін Қазақстан мен Ұлыбритания командалары сынға түседі olympic.kz

Бүгін Испания астанасы Мадридте теннистен Қазақстан командасы Дэвис кубогі аясындағы екінші кездесуін өткізеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Екінші матчта қазақстандықтар Энди Маррей бастаған Ұлыбритания құрамасына қарсы ойнайды. Айта кетелік, алғашқы матчта Қазақстан командасы Нидералнд елінің өкілдерін ұтты.

Есеп – 2:1. Жекелей сында Михаил Кукушкин жеңіске жетсе, Александр Бублик қарсыласқа жол берді. Ал ойын тағдырын шешкен кездесуде Бублик/Кукушкин жұбы голландиялық спортшылардан басым түсті.

Хабар 24 телеарнасы