377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Садриддиннің соққысы жойқын әрі жылдам – шетелдік сарапшы

  • 346
  • UPD: 10:24, 22.11.2019
Садриддиннің соққысы жойқын әрі жылдам – шетелдік сарапшы © Eye of the Tiger Management

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовке (10-0, 9 КО) АҚШ-та жұдырықтасатын уақыт келді. 

FightNights.com журналисті Райан О`Хара осындай пікір білдірді, деп хабарлады Vesti.kz.

Оның сөзінше, Америкада қазақ боксшының мансабы өрге жүзуі мүмкін.

«Қазақстанның көптеген боксшысы жақсы деңгей көрсетіп жүр. Менің сүйікті боксшыларымның бірі Садриддин. Оның соққысы жойқын, оның үстіне жылдам. Ол рингте өзін сенімді ұстайтындығымен ерекшеленеді, дегенмен іс жүзінде де басымдығын көрсетеді. Бүгінде ол қарсыластарынан бір саты жоғары. Канадада ол үлкен жұлдыз, бірақ АҚШ-та өнер көрсетіп қана биікке жете аласың. Карьерасын өрлету үшін осы қадамға баратын уақыт келді. Солай боларына сенімдімін», - дейді О`Хара.

Хабар 24 телеарнасы