376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы америкалықты 33 секундта нокаутқа түсірді

  • 256
Қазақстандық боксшы америкалықты 33 секундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Николай Шваб өзінің кәсіби карьерасын тамаша бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын небәрі 33 секундтың ішінде сұлатып салды. 25 жасар қазақстандық кәсіби ринктегі алғашқы айқасын АҚШ-та, Жаңа Орлеанда (Луизиана штаты) өткізді. Төрт раундтық жекпе-жекте оған жергілікті боксшы Амони Сандерс (0-2) қарсылас болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа есептелген еді. Бірақ Шваб бірінші раундтың 33 секундында қуатты соққысымен қарсыласын нокаутқа жіберді.

Хабар 24 телеарнасы