380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада шахматтан М.Камалиденованың жүлдесіне арналған турнир өтті

  • 234
  • UPD: 12:01, 25.11.2019

Елордада шахматтан 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы атанған Меруерт Камалиденованың жүлдесіне арналған турнир өтті.

Жалпы жүлде қоры 500 мың теңгені құраған жарысқа 100-ге жуық жасөспірім қатысты. Олар блицтен сынға түсіп, зияткерлік ойынның мықтысын анықтады. Қаржылай сыйлық бес орынға дейін берілді. Сонымен қатар, түрлі ынталандыру жүлделері де өз иелерін тапты. Алғаш рет ұйымдастырылған турнирде ел біріншілігінің жеңімпаздары мен әлем чемпионатында жүлде алған жеткіншектер сынға түсті. 14 жасқа дейінгі өрендер арасында Сатбек Ахмединов топ жарды. Әмина Қайырбекова мен Нұрел Оразаев және Мәншүк Камашева да көзге түсіп, жүлделі орынға ие болды. "Осы турнирді көпшілік жүретін ғимаратта өткізу арқылы балаларды шахматқа тартуды көздейміз" - дейді ұйымдастырушылар. Жарыс аясында жаттықтырушылар зияткерлік ойынды серік еткен жеткіншектерге шеберлік сабағын өткізді. Турнирдің басы-қасында жүрген Меруерт Камалиденова да өз тәжірибесін ортаға салды.  

Меруерт Камалиденова, шахматтан әлем чемпионы:

- Біз Үндістандағы жарыстан келгеннен осындай идея туындады. Сол ата-анаммен кеңесіп, орталық шахмат клубымен кеңесіп осындай жарысты жасауға шешім қабыладық. Осы жарыста Нұр-Сұлтан қаласының ең мықты ойыншылары қатысып жатыр. Олардың деңгейі жақсы сондай. 

«Қайрат» пен «Аят» футзалдан УЕФА чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шыға алмады. Рудный командасы элиталық іріктеу сайысының соңғы турында хорватияның «Ново Вриеме» командасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. «Аят» бұған дейін Ресейдің «Түмені» мен Португалияның «Спортинг» клубына есе жіберген еді. Былтыр чемпиондар лигасының финалына дейін жеткен «Қайрат» бұл жолы элиталық іріктеуден өте алмады. Алматыда «Эль-Посо», «Пезаро» және "Бенфика" шешуші кезеңнің жалғыз жолдамасын сарапқа салған еді. Таңтаулы төртеу арасында Испания командасы топ жарды. «Эл-Посо» ойыншылары алдымен «Қайраттың» осал тұсын тауып, сосын «Бенфиканы» жеңді. Соңғы турда «Пезаромен» тең ойнап, жеті ұпаймен С тобының жеңімпазы атанды. "Қайрат" кеше "Бенфикадан" жеңіліп қалды. Есеп: 3:5. 

Бразилияның "Фламенгосы" Либертадорес кубогының жеңімпазы атанды. Рио де Жанейро қаласының командасы араға 38 жыл салып, Латын Америкасының басты клубтық додасында топ жарды. Финалда олар кубоктың қазіргі иегері Аргентинаның "Ривер Плейтінен" басым түсті. Финал Перу астанасы Лима қаласында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Матчтың 14-ші минутында "Риверт Плейт" есеп ашты. Рафаэль Борре "Фламенго" қақпасын дәл көздеді. Либертадорес кубогының төрт дүркін чемпиондары бесінші мәрте жеңіске жетуге жақын тұрды. Алайда ойынның аяқталуына небәрі екі минут қалғанда Габриэль Барбоза таразы басын теңестіріп, артынша жеңіс голын соқты. "Фламенгоның" тарихи жеңісін жанкүйерлері Рио де Жанейродағы атақты «Маракана» стадионында тойлады. Чемпион атанған команда 20 млн доллар сыйақы алады. Бұл рекордтық көрсеткіш. Енді "Фламенго" желтоқсан айында Қатарда өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.

Хабар 24 телеарнасы