Геннадий Головкиннің аргентиналық жанкүйері Густаво Авеведо жаңа туған ұлына боксшының есімін берді, деп жазады Prosports.kz.
Бұл жаңалықты жақында жас әкенің немере ағасы Twitter-дегі парақшасында жазды. Ол парақшасына баланың туу туралы куәлігінің суретін жариялап, былай деп жазды:
– Сәлеметсіздер ме, құрметті GGG, менің немере ағам Густаво Авеведо өзінің бірінші ұлының есімін сіздің құрметіңізге қойды. Ол сіздің барлық жекпе-жектеріңізді бақылап отырады. Оған жауап жазғаныңызды қалаймын.
@GGGBoxing Hello dear GGG, I am writing to tell you that my cousin Gustavo Acevedo named his first son Gennady in honor of you, he is your fan, look at all your fights, I would like you to write to him pic.twitter.com/88PaeyIexU
— Fedex gaston ♏ (@fedeverdex) 23 ноября 2019 г.