423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шорт-тректен Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогына қатысады

  • 433
  • UPD: 15:29, 25.11.2019
Шорт-тректен Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогына қатысады prosports.kz

Жақында АҚШ пен Канададағы әлем кубогынан оралған қазақстандық спортшылар кезекті жарысқа қатысу үшін Жапонияға жол тартты, деп хабарлады prosports.kz.

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңін қабылдайды. 

Команда бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков кубоктік кезеңде бақ сынайтын спортшылар тізімін жария етті. 

Олар: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Ольга Тихонова және Алена Волковитская.  Әлем кубогінің төртінші кезеңі 8-10 желтоқсан күндері Қытайдың Шанхай қаласында өтпек. 

Айта кетелік, АҚШ-та өткен әлем кубогінде қазақстандық Абзал Әжіғалиев 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. 

Хабар 24 телеарнасы