420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мейвезер 2020 жылы екі кездесу өткізуді жоспарлап отыр

  • 650
  • UPD: 16:33, 25.11.2019
Мейвезер 2020 жылы екі кездесу өткізуді жоспарлап отыр

Бес салмақтағы әлем чемпионы болған америкалық Флойд Мейвезер 2020 жылы екі жекпе-жек өткізбек, деп хабарлады Vesti.kz.

TMZ мәліметінше, Мейвезер бір жекпе-жегін бокс ережесі бойынша өткізеді және UFC файтерімен жұдырықтаспақ. Біріншісін 2020 жылы мамырда, ал екіншісін қыркүйекте өткізуді жоспарлап отыр.

Классикалық бокс кездесуі филиппиндік Мэнни Пакьяомен болатын сияқты. Боксшылар 2015 жылы жұдырықтасып, америкалық төрешілер шешімімен жеңген.

Ал UFC файтеріне қатысты Флойд бокс ережелерімен жақсы таныс спортшыны таңдауы мүмкін.

2017 жылы ол бокс ережесі бойынша ирландиялық Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген еді. 
Хабар 24 телеарнасы