417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фергюсон Хабибпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты

  • 1151
  • UPD: 14:06, 27.11.2019
Фергюсон Хабибпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты kp.ru

Хабиб Нурмагомедовтың қарсыласы Тони Фергюсон жекпе-жекке дайын екенін айтты, деп хабарлады prosports.kz.

«Ешқандай ойынсыз. Мен жекпе-жекке дайынмын. Жанкүйерлердің арманын жүзеге асыратын уақыт келді», — деді Фергюсон.

Нурмагомедов пен Фергюсон жекпе-жегі 18 сәуір күні Нью-Йорктегі Бруклин қаласының Barclays Center аренасында өтеді деп жоспарланып отыр.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойғанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы