426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бәйтерек монументі «Астана» футбол клубын қолдау мақсатында түсін өзгертеді

  • 944
  • UPD: 15:24, 27.11.2019
Бәйтерек монументі «Астана» футбол клубын қолдау мақсатында түсін өзгертеді

Ертең Бәйтерек монументінің «Астана» және «Манчестер Юнайтед» футбол командалары арасында өтетін матч аясында түсі өзгереді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Жыл матчы ертең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:50-де басталып, оған Ұлыбритания, Франция, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Ресей және өзге де елдерден 2000-ға жуық жанкүйер қатысады деп жоспарлануда.

Нұр-Сұлтан қаласына келуші шетелдік жанкүйерлердің қолайлылығы үшін ойын-сауық бағдарламалар қарастырылған. Соның бірі «Астана» және «Манчестер Юнайтед» футбол командалары арасында өтетін ойын қарсаңында №1 спорт түрінің жанкүйерлеріне арнап, «Kazakh Tourism», «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі елорда әуежайында ұлттық стилдегі футбол элементтерімен жасалған ерекше фотоаймағын дайындады.

Әуежай – қонақтардың алғашқы келіп тоқтайтын айлағы, ал киіз үй қазақтың қонақжайлығын көрсетеді.

Суретке түсу аймағы УЕФА қағидасының бірі «Respect» яғни құрметтеу сөзін де көрсете алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жартылай киіз үй стилі келушілерге алдымен өз ерекшелігімен көзге түсіп, сондай-ақ еліміздің патриоттық намысын көрсетеді.

Аталған фотоаймақтан бөлек, қалада екі қабатты автобус іске қосылып, онымен келген қонақтар астанамыздың әйгілі көріністерін тамашай алады.

Сондай-ақ, жанкүйерлерге тамақтану орындары, төтенше жағдай орталықтарының байланыс нөмірі мен өзге де қосымша ақпараттарды қамтитын кітапша дайындалды.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – 7 000 шақырым арақашықтыққа қарамай сүйікті футбол командасына жанкүйер болу мақсатында келген азаматтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау және Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің туристік әлеуетін дамыту. Кез келген жанкүйер әлеуметтік желі арқылы түрлі байқауларға қатысып, ойынға билеттер мен басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Хабар 24 телеарнасы