429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін «Астана»-«Манчестер Юнайтед» кездесуі өтеді

  • 800
  • UPD: 11:30, 28.11.2019

Бүгін Қазақстан жанкүйерлері асыға тосқан «Астана» - «Манчестер Юнайтед» кездесуі өтеді. Алайда ағылшын командасы елордаға қосалқы құрамы мен жастарын әкелді.

18 футболшының оны «Юнайтед» сапында алғаш рет алаңға шығайын деп отыр. Бұл да тарихи сәт болуы мүмкін. «Себебі қазақ жанкүйерлері болашақ футбол жұлдыздарын көреді» - дейді Манчестер клубының бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер. «Астананың» тізгінін ұстаған Роман Григорчук те бүгінгі ойында бірнеше жастарға орын беруі мүмкін екенін айтты. Бірақ команданың негізгі тірегі Марин Томасов «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойнамайды. Ағылшын командасы сапында тәжірибелі ойыншылардан тек Джесси Лингард пен Люк Шоу ғана Қазақстан астанасы келді. Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне күні бұрын жолдама алған «Юнайтедке» бұл кездесудің маңызы шамалы. Ол өз тобында 10 ұпаймен бірінші орында тұр. "Астана" келесі кезеңнен әлдеқашан күдер үзді.  

Оле-Гуннар Сульшер,  «Манчестер Юнайтед» ФК бас бапкері:

- Мен бұл матчта жастарға орын беремін. Олардың көбі команда сапындағы алғашқы ойынын өткізеді. Жігіттерге сенемін, олардың арасында болашақ футбол жұлдыздары өсіп келеді. Бұл кездесуде жастардың аяқ алысын байқап көруге тамаша мүмкіндік туып отыр. Енді футболшылар өз шеберліктерін алаңда дәлелдеуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы