418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасының ойыншысы еуропалық клубтың ең қымбат футболшысы атанды

  • 655
  • UPD: 17:37, 28.11.2019
Қазақстан құрамасының ойыншысы еуропалық клубтың ең қымбат футболшысы атанды

Краковтық «Висланың» жаңа ойыншысы, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков польшалық клубтағы ең қымбат футболшы, деп жазды Тенгри ньюс.

Transfermarkt.com мәліметінше, Жуковтың трансферлік құны 1,2 миллион еуроға бағаланып отыр. Осылайша, ол «Висланың» ең қымбат ойыншысы атанды. Әрі қарай Польша құрамасының хавбегі Якуб Блащиковски миллион еуромен тұр, тізімді жартылай қорғаушы Вулнет Баша түйіндейді, аяқдопшының трансферлік құны 750 мың еуро шамасында. 

Хабар 24 телеарнасы