420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қоян-қолтық ұрыстан Елбасы кубогын Қорғаныс министрлігінің командасы жеңіп алды

  • 939
  • UPD: 23:38, 30.11.2019
Қоян-қолтық ұрыстан Елбасы кубогын Қорғаныс министрлігінің командасы жеңіп алды

Елордада әскери қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық турнир  өтті.

Бүгін әскери қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Моңғолия, Беларусь және Армениядан 400-ге тарта спортшы келіп қатысты. Бірнеше күн бұрын басталған алғашқы кезеңдегі іріктеуден сүрінбей өткен қатысушылар ақтық сында барын салды. Сөйтіп, жалпыкомандалық есепте Қазақстанның Тұңғыш Президенті кубогын өз ұландарымыз, Қорғаныс министрлігінің құрама командасы иеленді. Екінші жүлде де өзімізге өңірлік «Шығыс» командасына бұйырды. Ал үшінші орынды ҚР Ішкі істер министрлігінің сайыпқырандары мен өзбекстандық команда өзара бөлісті.

Сергей Астахов, Халықаралық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті

Бұл турнир халықаралық федерация күнтізбесінде тұрған ең маңызды шаралардың бірі болды деуге әбден болады. Өйткені мұны спортшылардың жоғары дейгейдегі дайындығынан аңғарып үлгердік. Жекпе-жектің барлығы тартысты болды. Көрермендер де дән риза. Бүгінгі таңда сайысымызды үш түрлі тәртіппен өткізуді көздеп отырмыз. Қоян-қолтық ұрыс, әскери жекпе-жек және қорғаныс. Ал түпкі мақсатымыз аталған спорт түріне Олимпиада бағдарламасына енгізу.

Хабар 24 телеарнасы