424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдабергенова мен Қалмұрзаева синхронды секіруден Еуропа кубогінде алтын жеңіп алды (видео)

  • 564
  • UPD: 10:37, 01.12.2019
Алдабергенова мен Қалмұрзаева синхронды секіруден Еуропа кубогінде алтын жеңіп алды (видео)

Шаңғы акробатикасынан Финляндияның Рука мекенінде өтіп жатқан Еуропа кубогі кезеңінде Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір алтын жүлде салды, деп жазады Prosports.kz. 

Алдабергенова мен Қалмұрзаева әйелдер арасындағы синхронды секіруде жеңіске жетті.

Еске сала кетелік, Жанбота Алдабергенова жекелей сында алтын медальға ие болған еді, ал Ақмаржан Қалмұрзаева екінші орын алған. Сондай-ақ Жанботаның еншісінде тағы бір күміс жүлде бар.

Хабар 24 телеарнасы