«Барыс» хоккей клубы сайтында команда шабуылшысы Эрик Тангрэйдимен келісімшарт бұзылғаны туралы ресми түрде мәлімдеді.
Клуб пен хоккейші келісімшартты екі жақты шешім бойынша бұзған. Бұған дейін Тангрэйди драфтқа қойылған. Айта кетейік, шабуылшы «Барысқа» биылғы кезеңнің басында келген. Оның есебінде 22 ойын бойынша 9 (5+4) ұпай бар.
Vesti.kz