384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің екі спортшысы каратэден премьер-лига финалына жолдама алды

  • 131
  • UPD: 15:25, 01.12.2019
Еліміздің екі спортшысы каратэден премьер-лига финалына жолдама алды

Қазақстан спортшылары Мадридтегі бірнеше салмақта финалға шықты.

84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық каратеші, Азия ойындарының жүлдегері Данияр Юлдашев турнирдің алтын жүлдесіне таласады. Юлдашев олимпиадалық рейтингте көш бастап тұрған түркиялық Угур Актаспен жолығады.

Әйелдер арасында +68 келіде сынға түскен Софья Берульцева Мадридтегі турнирдің финалына жолдама алды. Алтын үшін айқаста Софья ересектер арасындағы әлем чемпионы Елена Чатзилиадамен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы