384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр

  • 214
Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр Prosports.kz

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 желтоқсанда өтетін жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы 20 желтоқсанда Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасады. Кездесу он раундқа есептелген.

Елеусінов кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. 4 кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберді.

Ал Санчес кәсіпқой бокста 20 (10 КО) рет жеңіп, бір рет тең түскен. Төрт рет жеңілген.

Хабар 24 телеарнасы