384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Альварес: Головкинмен жекпе-жек қызықтырмайды

  • 116
Альварес: Головкинмен жекпе-жек қызықтырмайды Prosports.kz

Жартылай ауыр салмақта WBО чемпионы, мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Головкинмен жұдырықтасқым келмейді. Мен үшін бұл жекпе-жек қызық емес. Мен оған 24 раунд уақыт бердім. Осымен бітті. Менің жасайтын басқа да жұмыстарым бар», – деді Альварес BoxingScene порталына берген сұхбатында.

Қарсыластар бұған дейін екі рет кездесті - біріншісінде, тең есеп тіркелді, ал екінші жекпе-жек Альварестің жеңісімен аяқталды.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 6 қазан күні өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен ұтқан еді. 

«Канело» - төрт категория бойынша белбеу алған алғашқы боксшы. Бұған дейін ол бірінші орта, орта және екінші орта салмақта чемпион болған. 3 қараша күні ресейлік Сергей Ковалевпен кездескен Сауль қарсыласын 11-раундта нокаутқа жіберді. 

Хабар 24 телеарнасы