386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зәуреш Ақашева үстел теннисінен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

  • 117
Зәуреш Ақашева үстел теннисінен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Эстония астанасы Таллинде үстел теннисінен «Estonian Open» халықаралық турнирі аяқталды.

Аталған сында қазақстандық Зәуреш Ақашева екі мәрте жүлдегер атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Зәуреш алдымен польшалық клуб сапында командалық турнирдің ақтық сынына дейін жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Кейін жекелей сында турнирдің қола жүлдегері атанды. Айта кетелік, Эстониядағы турнир 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті. Жарысқа 15 мемлекеттен спортшылар қатысты.

Хабар 24 телеарнасы