417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Канелоның» рингке қашан оралатыны белгілі болды

  • 272
  • UPD: 14:07, 02.12.2019
«Канелоның» рингке қашан оралатыны белгілі болды boxingscene.com

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо «Канело» рингке қашан оралатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Канело» мамырда қандай салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шығатынын шешуге әлі біраз уақыт бар. Әлі бес ай бар. Оған 160 не 168 фунтта жұдырықтасу қиын емес. Біз DAZN және Golden Boy-мен сөйлесіп, қай қарсыластың келетінін шешеміз. Жекпе-жек анонсы 15 қаңтардан кейін шығады», - дейді Рейносо.

Айта кетейік, «Канеломен» жекпе-жекке шығуы мүмкін деген үміткердің бірі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Ол мексикалық боксшымен трилогия жасағысы келген. Олардың алғашқы жекпе-жегіндегі нәтиже бойынша тең түсіп, ал рематчта судьялар жеңісті мексикалыққа берген.

Хабар 24 телеарнасы