384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жеңіл атлеттер Қытайда ШЫҰ марафонына қатысты

  • 104
  • UPD: 22:23, 02.12.2019
Қазақстандық жеңіл атлеттер Қытайда ШЫҰ марафонына қатысты

Қазақстандық жеңіл атлеттер Әмір Байтұқаев пен Михаил Красилов Қытайдың оңтүстік батысындағы Куньмин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Төртінші халықаралық марафонына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтардың арасынан Әмір Байтұқаев үздік көрсекішке қол жеткізді. Ол марафондық 42 км, 195 метр қашықтықты 2 сағат 35 минутта жүгіріп өтті. Әмір Қаз Ақпарат тілшісіне берген сұхбатында жарыс жолы туралы өз әсерімен бөлісті. «Куньминдегі жүгіру мен үшін дебюттік еді. Биіктікке байланысты аса ауыр тиді. Қала екі мың метр биіктікке орналасқан. Оның үстіне бірнеше сағатқа созылған ұшақпен ұшу, сағаттық белдеуден кейінгі жерсіну дегендей, бәрі жарыс нәтижесіне әсер етті. Дегенмен марафоннан алған әсерім қанағаттанарлық», - деді ол.

Ерлер мен әйелдер арасында Эфиопия мен Кенияның өкілдері марафонның жеңімпаздары атанды. Эфиопиялық жеңіл атлет Дереде Дебеле Тулу 2 сағат 13 миут 18 секунд көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиды. Куньминдегі ШЫҰ халықаралық марафоны 2016 жылдан бері өткізіліп келеді.

Хабар 24 телеарнасы