384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лионель Месси «Алтын доптың» иегері атанды

  • 359
  • UPD: 09:37, 03.12.2019
Лионель Месси «Алтын доптың» иегері атанды eurosport.ru

Лионель Месси алтыншы мәрте «Алтын доптың» иегері атанды.

«Барселона» шабуылшысы дауыс беру қорытындысы бойынша Вирджил ван Дейк пен Криштиану Роналдудан озып кетті. Мессиге «Алтын допты» Лука Модрич табыстады. «Реал» ойыншысы былтыр осы жүлденің жеңімпазы атанған болатын.

Лионель Месси жүлде саны жөнінен жеке дара алға шықты. Аргентиналық футболшы мәртебелі сыйлықты алғаш рет 2009 жылы ұтып алған-ды. 32 жастағы ойыншы өткен маусымда Испания чемпионатында жеңіске жетіп, Ла Лига мен Еуропа құрлығының үздік шабуылшысы атанды. Сонымен қатар Аргентина құрамасымен Америка кубогының қола медалін еншіледі. Месси 54 матчта 49 гол соғып, әріптестеріне 17 нәтижесі пас берді.

Әйелдер арасында «Алтын допты» АҚШ құрамасы мен «Рейн» командасының ойыншысы Меган Рапино еншіледі. «Ювентус» қорғаушысы Маттейс де Лигт жылдың ең үздік жас футболшысы атанды. «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекер Льв Яшин атындағы алғашқы арнайы сыйлыққа ие болды.

Хабар 24 телеарнасы