Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сәбит Жүсіпов кезекті кездесуін жеңіспен аяқтады. Жартылай жеңіл салмақтағы бәсеке Мәскеуде өтті.
Жерлесіміз бұл жолы түрікменстандық Фарух Салимовпен жолығып, қарсыласын айқын ұтты. Сәбит 3-раундтың басында Фарухты нокаутқа жіберді. Бұл Жүсіповтың кәсіби мансабындағы 9-шы жеңісі. Сәбит бұған дейін әскери самбо бойынша ел біріншілігінде топ жарып, панкратионнан әлем чемпионаты атанған болатын. Қазақстандық спортшы 2017 жылдан бері кәсіпқой жекпе-жектерге қатысып жүр.