384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының жекпе-жегі кейінге қалдырылды

  • 231
  • UPD: 10:35, 04.12.2019
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Изим Избаки желтоқсан айында жекпе-жек өткізбейтін болды, деп хабарлады Prosports.kz.

Избаки жаңа жыл қарсаңында төртінші жекпе-жегін өткізбек болған. Алайда айқас өтпейтін болды. Бұл туралы боксшы Instagram парақшасында мәлім етті.

24 жастағы қазақстандық боксшы қаңтарда шаршы алаңға оралатынын да жеткізді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Еске сала кетелік, Изим Избаки АҚШ-та 23 тамызда алғаш рет дебютті кездесуін өткізген болатын. Ал 7 қазан күні АҚШ-тың Мичиган штатындағы Флинт қаласында өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық Трой Олбрингті бірінші раундта-ақ сұлатып салды. 

Осы жеңісінен соң қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 647-ші орынға көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы