384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр-Сұлтан-Түркістан» жүгіру марафоны өз мәресіне жетті

  • 110
«Нұр-Сұлтан-Түркістан» жүгіру марафоны өз мәресіне жетті

28 қарашада елордадан басталған жарысқа қатысушыларды бүгін Түркістан жұрты Есім хан алаңында салтанатты жағдайда қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға қатысу үшін ең мықты 10 адам таңдап алынған. Олардың ішінде танымал спортшылар, ультрамарафоншылар мен әуесқой жүгірушілер бар. Желаяқтар 7 күнде 1400 шақырымды бағындырды. Жарыс Бетпақ дала шөлі арқылы өтті. Сондай-ақ олар марафон аясында Ақмола, Қарағанды және Қызылорда облыстарының елді мекендерінде аялдап, халықпен кездесулер өткізді. Марафонның басты мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке, өз Отанын құрметтеуге баулу және  салауатты, белсенді өмір салтын ұстануға шақыру. Айта кетейік, іс-шараны «Астана желаяғы» марафон клубы қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан құрылысшылар одағы», Nur Otan партиясы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Ішкі істер, Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.   

Дулат Иманқожа, команда капитаны:

– Біздің жоспар бойынша уақытында келіп жатырмыз. Жолда әртүрлі аудан, ауылдардан өттік. Бәрі шыдады. Түркістан қаласына рақмет айтамын. Ашылып жатқан облыс орталығы көркейе берсін. Халқымызға үлгі-өнеге боп осы Түркістанымыз жайнап, өсе берсін.

Хабар 24 телеарнасы