420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сәбит Жүсіпов кәсіби мансабындағы 9-жеңіске қол жеткізді

  • 896
  • UPD: 23:33, 04.12.2019
Сәбит Жүсіпов кәсіби мансабындағы 9-жеңіске қол жеткізді

Қазақстандық спортшы Сәбит Жүсіпов (9-2) Мәскеуде өткен WTKF турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады  prosport.kz

Ресей астанасында ұйымдастырылған аралас жекпе-жек кешінде Arlan MMA Team командасының өкілі Сәбит Жүсіпов өзбек спортшысы Фарух Салимовпен жұдырықтасты. Қазақстандық спортшы үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, Сәбит Жүсіпов биыл қатарынан үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтап отыр. Соңғы кездесуінде ресейлік Глеб Хабибуллинді ұтты.

Хабар 24 телеарнасы