Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемдік футболшы Криштиану Роналду жаңа жобаға қатысып жатыр.
Спортшылардың Instagram-дағы жазбаларында айтылғандай, олар Туринде DAZN үшін түсірілімге қатысуда.
Геннадий Головкин өзінің Instagram парақшасында Криштиану Роналдумен бірге түскен фотосуреттерін жариялап, жазба қалдырды.
«Туринде @cristiano досыммен өткізген керемет күн. @daznglobal-мен бірге жаңа жоба дайындап жатырмыз, - деп жазды Геннадий жеке парақшасында.
Ал Роналду өзінің парақшасында «Ерекше досыммен DAZN-ға арналған қызықты жаңа жоба бойынша жұмыс істеудемін. GGG, көргеніме қуаныштымын» деп жазды.