423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» командасы «Йокериттен» жеңіліп қалды

  • 587
  • UPD: 11:51, 05.12.2019
ҚХЛ: «Барыс» командасы «Йокериттен» жеңіліп қалды

Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан үш ойында жеңіске жеткен «Барысты» «Йокерит» тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Финляндия командасы елордада 4:2 есебімен басым түсті. 26-минутта Стив Мозес фин командасын алға жетелесе, сосын Брайан О'Нил нәтижені еселеді. «Барыс» үшінші кезеңде есеп айырмасын қысқартты. Роман Старченко белсеніп, «Йокериттің» бірнеше хоккейшісін алдап өтіп, әдемі шайба соқты. Ойын соңына қарай Финляндия командасы сапынан Марко Анттила мергендік танытып, қонақтардың мерейін үстем етті. Андрей Скабелка шәкірттері таразы басын теңестіруге ұмтылды. Кертис Волк айдындағы сан басымдығын нәтижеге ұластырып, матчты қыздыра түскен еді. Алайда, «Йокерит» ойыншылары сауатты қорғанып, қарымта шабуылда бос қақпаны дәл көздеді. «Барыс» келесі кездесуін 7 желтоқсанда сырт айдында «Сочимен» өткізеді.

 

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында Испаниядан жеңіліп қалды

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы төртінші кездесуін Испаниямен өткізіп, 16:43 есебімен жеңіліп қалды.

Еліміздің қол добы шеберлері топтық кезеңдегі барлық ойында қарсыластарына есе жіберді.

 

Футзалдан студенттер лигасы аяқталды

Алматыда футзалдан ұлттық студенттер лигасы аяқталды. 6-рет ұйымдастырылған турнир бұған дейінгі қарқынын жоғалтып алған секілді. Өткен жылы жанкүйерлер «Балуан Шолақ» сарайын лық толтырып, жарыс көркін қыздырған еді. Ал биыл финалдық кезең Бағанашылдағы спорт кешенінде өтті. Еліміздің әр аймағынан іріктелген командалар бір апта бойы финалдық кезеңде сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды студенттері қола жүлдеге қол жеткізді. Олар үшінші орын үшін болған ойында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасын ұтып кетті. Финалда Алматының Еуразиялық технологиялық университеті мен «Каспий» университеті кездесті. Теке-тіреспен өткен ойында 4:2 есебімен болашақ технологтар жеңіске жетті.

 

Футбол: «Ливерпуль» - «Эвертон» 5:2

Ағылшын премьер-лигасы қыза түсті. 15-турда топ бастаған «Ливерпуль» көршілері «Эвертонды» қабылдап, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Жеті голдың алтауы алғашқы таймда соғылды. Матчтың алтыншы минутында Дивок Ориги есеп ашты. Сосын Джердан Шакири нәтижені еселей түсті. «Эвертон» сапынан Майкл Кин белсеніп, «Ливерпуль» қақпасынан саңлау тапты. 31-минутта Дивок Ориги осы ойындағы екінші голын еншісіне жазып, алаң иелерінің мерейін үстем етті. Тайм соңына қарай Садио Мане кезек алды. Сенегалдық шабуылшы бұған дейін командаластарын нәтижелі пасымен жарылқап келген еді. Бұл жолы ол төртінші доптың авторы атанды. «Эвертон» да қарап қалмады. Тайм аяқталар тұста Ришарлисон мергендік танытты. Үзілістен кейін қарсыластар аса белсенділік байқатпады. Матчтың бітуіне бір минут қалғанда Джорджино Вейналдум гол соғып, ойынға нүкте қойды. «Ливерпуль» турнир кестесінде жеке-дара топ бастады

 

«Манчестер Юнайтед» – «Тоттенхэм» 2:1

Еуропа лигасында «Астанадан» жеңілген «Манчестер Юнайтед» бар күшін премьер-лигаға сақтаған секілді. Уле-Гуннар Сульшер шәкірттері 15-турда «Тоттенхэмді» қабылдады. Жақында бапкер ауыстырған Лондон командасы баяғы қарқынын қайта тапқандай еді. Жозе Моуриньо келгелі «Тоттенхэм» қарсыластарын ірі есеппен ұтып жүр. Бұл жолы «Юнайтедтің» мысы басым болды. Моуриньо бұрынғы командасын ұта алмады. 6-минутта Маркус Рэшфорд есеп ашты. Сосын «Тоттенхэм» футболшылары таразы басын теңестірді. Делле Алли кезекті шабуылды нәтижелі түйіндеді. Екінші таймда Маркус Рэшфорд белсенді. «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы 49-минутта пенальтиден көзге түсіп, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

Хабар 24 телеарнасы