425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңі өтеді

  • 720
  • UPD: 09:44, 06.12.2019
Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңі өтеді

6 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңі басталады, деп хабарлады prosports.kz.

Байрақты бәсекеге әлемнің 26 мемлекетінен 200-ден астам спортшы келеді. Олардың қатарында үш дүркін Олимпиада чемпионы Мартина Сабликова (Чехия), Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Фаткулина (Ресей), Олимпиада чемпионы және жүлдегері Йоррит Бергсма (Голландия) және басқа да жұлдыздар келеді деп күтілуде.

Қазақстанды аталған жарыста жаңа жаттықтырушы Дмитрий Бабенко бастаған жаңартылған құрамтаныстырады. Олардың қатарында 2013 жылғы әлем чемпионы Денис Кузин, жасөспірімдер арасында жеңімпаздар Екатерина Айдова және Роман Креч,Станислав Палкин, Дмитрий Морозов, Артем Крикунов бар. Ұлттық құрама аталған кезеңге әрбір қашықтық бойынша бес спортшы қоя алады. Бұл жаттықтырушы құрамына ұлттық құрамадағы спортшыларды процесске қосуға мүмкіндік береді.

Жарыс 6-8 желтоқсан аралығында «Алау» мұз сарайында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы