380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» футбол клубы Белградқа аттанды

  • 182
  • UPD: 17:50, 06.12.2019
«Астана» футбол клубы Белградқа аттанды

Бүгін «Астана» футбол клубының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Белградқа аттанды, деп хабарлады prosports.kz.

Елорда командасы ол жақта қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Партизанға» қарсы кездесу өткізеді.

Сербия астанасына команда төмендегі құраммен аттанды:

қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов, Владислав Саенко;

қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Сағи Совет;

жартылай қорғаушылар: Дидар Жалмұқан, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Дорин Ротариу, Рунар Сигурьонссон, Жасұлан Қайыркенов, Мәди Жақыпбаев;

шабуылшылар: Рангело Янга, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко, Владислав Прокопенко.

Марин Томасов, Лука Шимунович, Жарко Томашевич және Фирмин Мубеле жеке бағдарлама бойынша қалыпқа келуді жалғастыруда.

Еске сала кетейік, «Партизан» мен «Астана» арасындағы кездесу желтоқсанның 12-нен 13-іне қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 02:00-ге жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы