419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жүзуден халықаралық турнир өтті

  • 710
  • UPD: 14:38, 07.12.2019

Нұр-Сұлтан оупен. Дәл осындай атаумен елордада жүзуден халықаралық турнир өтті. Бұрын бұл бәсекеге тек еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысатын.

Ал биылдан бастап олардың қатарына ресейлік құрама қосылып отыр. Бас-аяғы 300-ден аса үміткер 3 күн бойы өзара сынға түсті.

Айта кету керек, жарыстар жүзудің барлық түрінен болды. Ал жеңімпаздар 3 жас деңгейі бойынша анықталды. Алдағы уақытта жарыстың ауқымы мен форматын ұлғайтып, бұдан да жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз дейді ұйымдастырушылар. 

Мақсат Аманғазыұлы, Nur Otan партиясы Есіл ауданы филиалы бастауыш ұйымының төрағасы: 

- Нұр Отан халықтық партия болғандықтан бізге ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Жарысымыздың басты мақсаты жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, мәдениетті, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелесек деген міндет тұр.

Хабар 24 телеарнасы