376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ардагерлер волейболдан бақ сынады

  • 245
  • UPD: 17:38, 07.12.2019
Ардагерлер волейболдан бақ сынады

Елімізде волейболдан ардагерлер арасындағы федерация ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл орталық дәл осы спорт түрімен бұрын кәсіпқой және әуесқой түрде айналысқандардың басын қосады. Осы орайда ресми жарыстар күнтізбесі құрылған. Соның нәтижесінде, өңір-өңірде түрлі деңгейде додалар ұйымдастырылып келеді. Ал оның үздіктері елордада бас қосып, федерация кубогын сарапқа салды.  Бас-аяғы 8 команда өзара мықтыны анықтады. Қатысушылардың алды 72 жаста. Ал ел үздігі атанғандар келер жылы халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.  

Әсет Әділхан, волейболдан ардагерлер федерациясының президенті:

– Бүгін 2 топ бар. Біреуі 50 жастан, басқасы 55 жастан жоғары. Осы чемпионатты биыл өткізіп жатырмыз. Алдағы жылы жас деңгейлері артады деп ойлаймын. Әр облыста біздің филиалдарымыз бар. Осылай спортпен айналысып, жастарға үлгі болғымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы