426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда «Сочиді» жеңді

  • 429
  • UPD: 07:24, 08.12.2019
ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда «Сочиді» жеңді vesti.kz

ҚХЛ-дың кезекті матчында «Барыс» Сочиде жергілікті клубпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ойында елордалықтардың қақпасын Қазақстан құрамасының мүшесі Хенрик Карлссон қорғады.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде 23-минутта сан басымдылығын пайдаланған «Барыстың» капитаны Даррен Диц командасын алға шығарды. Екі минуттан соң Роман Старченко есепті 2:0-ге жеткізді. Дегенмен 28-минутта айдын иелерінен Павел Макаренко есепті қысқарта алды.

Осылайша, ұпай санын 44-ке жеткізген «Барыс» ҚХЛ-дың жалпы кестесінде алтыншы, Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді. Елордалықтар үшін аса маңызды кездесу 9 желтоқсан күні болмақ. Осы күні олар сырт айдында «Авангардпен» кездеседі. Омбылықтар 48 ұпаймен Шығыс конференциясында елордалықтардың алдында, екінші орында келеді.

Хабар 24 телеарнасы