418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Садриддин Ахмедов Хосе Вильялобосаны нокаутқа жіберді

  • 797
  • UPD: 10:54, 08.12.2019
Садриддин Ахмедов Хосе Вильялобосаны нокаутқа жіберді Sports.kz

Канаданың Монреаль қаласында бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша «жастар» арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедовтің қатысуымен бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Аргентина елінің өкілі Хосе Антонио Вильялобоспен сынға түсті. Жекпе-жектің жетінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, бұл Садриддиннің 11-ші жеңісі. Вильялобос 12 рет жеңіске жетіп, алтыншы жеңілісіне ұшырады.

Хабар 24 телеарнасы