377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Н.Морозова жүлдеге ілікті

  • 258
  • UPD: 23:53, 08.12.2019
Конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Н.Морозова жүлдеге ілікті

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Надежда Морозова өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Морозова 1500 метрге жүгіруден үздік үштікке енген деп хабарлайды Olympic.kz. 

Морозова аталған қашықтықты 1:59.115 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтті. Бұл бәсекеде чехиялық Мартина Сабликова топ жарса, екінші орынды канадалық Исабель Уэйлман еншіледі. 

Айта кетелік, келесі әлем кубогінде Надежа Морозова А тобында бақ сынайды. Сондай-ақ Морозова 5000 метрге жарысудан В тобында күміске қол жеткізіп, элитаға қадам басқанын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы