433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Садриддин Ахмедов нокаутпен аяқтаған жекпе-жегінен кейін дисквалификацияланды

  • 773
  • UPD: 10:09, 10.12.2019
Садриддин Ахмедов нокаутпен аяқтаған жекпе-жегінен кейін дисквалификацияланды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовке 28 желтоқсанға дейін рингке шығуға тыйым салынды, деп хабарлады Sports.kz.

7 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласында өткен Давид Лемье (41-4, 34 КО) мен Максим Бурсактың (35-6-2, 16 КО) бокс кешінде Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы аргентиналық боксшы Хосе Антонио Вильялобос (12-6-2, 7 КО) болды.

Он раундқа есептелген жекпе-жек жетінші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, Ахмедов оппонентін ауыр нокаутқа жіберді.Жекпе-жектен кейін Квебек провинциясының Бокс комиссиясы екі спортшыға да шектеу қойды. Ахмедовке 28 желтоқсанға дейін рингке шығуға тыйым салынса, Вильялобос мерзімсіз «бан»-ға жіберілді. Себебі екі боксшыға да жекпе-жектен кейін қалпына келу қажет.

Хабар 24 телеарнасы