420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Д.Сәдуақасовамен шахмат ойнады

  • 561
  • UPD: 15:28, 10.12.2019
Мәжіліс депутаттары Д.Сәдуақасовамен шахмат ойнады

Парламент қабырғасында жаңа турнирдің тұсауы кесілді. Алдағы тәуелсіздік мерекесіне тарту етілген алғашқы сайыс шахматтан өтті.

Мәжілістің 15 депутатын жинаған зияткерлік ойынға Армения мен Қырғыз Республикасынан және Молдовадан да парламент мүшелері келіпті. Олардың арасында халықаралық гросмейстер, қазір Молдова Парламентінің депутаты Виктор Бологан да бар. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бұл бастама дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Халық қалаулылары еліміздегі атақты спортшылармен кездесіп, өзара шеберлік байқасатын болады. Парламент қабырғасындағы алғашқы сынға халықаралық гросмейстер, әлем чемпионы Динара Сәдуақасова келді. Жарыс ережесі бойынша төрт елдің 21 депутаты Динарамен бір мезгілде сынға түсіп, өз шеберліктерін байқатты. Күнделікті жарыссөзде көзге түсіп жүрген Қуаныш Сұлтанов, Азат Перуашев, Владислав Косарев, Абай Тасболатов секілді танымал депуттар ой сайысында да осал емес екендіктерін көрсетті.    

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Бүгінгі ең бірінші шахмат турнирге Динараның қатысуы ол әрине шахматтың дамуы жолындағы үлкен үлес. Екіншіден осы шахматтың ертең біздің барлық мектептерде балалардың арасындағы ең керек ең жақсы спорттың түрі.      

Виктор Бологан Молдова Республикасы Парламентінің депутаты:

- Қазақстан астанасына тағы бір мәрте келгеніме қуаныштымын. Бүгін депутат әріптестеріммен шахмат ойнап, шеберлік байқастық. Динара Сәдуақасова шахматтағы әріптесім ғой. Сондықтан бір-бірімізге құрмет көрсетіп, тең ойынды қанағат қылдық.

Хабар 24 телеарнасы