378,86 417,79 6,08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жас теннисші Испанияда өткен турнирде топ жарды

  • 864
  • UPD: 15:36, 10.12.2019
Жас теннисші Испанияда өткен турнирде топ жарды

2-8 желтоқсан аралығында Испанияның Манакор қаласында Рафаэль Надальдың Rafa Nadal Academy теннис академиясында жасөспірімдер арасында жыл сайынғы Ten-Pro Global Junior Tour турнирі өтті. Турнирге 51 елден 275 жасөспірім қатысты.

10 жасқа дейінгі санатта бірінші орынды Қазақстандық Нұр-Сұлтан қаласының теннисшісі Нұржан Томирис иеленді, ол қазіргі уақытта осы санаттағы Қазақстанның бірінші ракеткасы болып табылады.

Рафаэль Надаль академиясы теннис пен білімді біріктірген, аты аңызға айналған ойыншының туған қаласында орналасқан. Оқушылар мұнда кәсіби спортта өз жолын жалғастырып, дәстүрлі білім алады. Академияның теннисте көп жылдар бойы Надаль және оның командасы жинаған тәжірибеге негізделген, жеке оқыту жүйесі бар.

Томирис әкесі сиқты спортқа өте жақын. Әкесі Талғат Қожабаев Көліктегі полиция департаментінің Арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасының бастығы полиция подполковнигі. Жұмыс барысында Талғат Департамент қызметкерлерінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығын қадағалап, басқарады. Мұндай спорттық тәсіл подполковниктің отбасында да бар.

«Мен қызымды мақтан тұтамын. Мұндай беделді турнирде бірінші орынды иелену – өзінің ғана жеңісі емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі», - деп біледі бақытты әке.

Талғат Қожабаев халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күш құрылымдары арасында үш дүркін әлем чемпионы. Қазақ күресінен, самбодан және дзюдодан бірнеше рет чемпион атанған.

Әкесінің жетістіктері Томирис үшін спортта мақсатына жетуге үлкен ықпалын тигізген.

Финалда қазақстандық екі өкіл кездесті. 6:4, 3:6, 6:3 есебімен Нұржан Томиристің пайдасына шешіліп, жеңіске жетті.

Турнирдің ақтық кезеңіне шығу үшін отандасымыз Нұржан Томирис Мальта, Бельгия, Македония және Швейцария елдерінен келген балаларды жеңіп шықты.

Хабар 24 телеарнасы