425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бауыржан Исламханның ресейлік клубтағы еңбекақысы мен келісімшарты белгілі болды

  • 459
  • UPD: 12:13, 12.12.2019
Бауыржан Исламханның ресейлік клубтағы еңбекақысы мен келісімшарты белгілі болды © Қайрат ФК

Мәскеулік «Локомотив» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Бауыржан Исламханға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлады vesti.kz сайты БИЗНЕС Online-ға сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, шетелдік нарыққа жауапты скаут Андрей Лосюк 26 жастағы шабуылдаушы хавбектің өкілдерімен келіссөз өткізген. 

Исламханның кандидатурасын клубтың бас директоры Василий Кикнадзе мақұлдады. Енді оны бас бапкер Юрий Семин мақұлдауы қажет. 

Егер келісім мақұлданса, футболшыға миллион еуроға дейінгі еңбекақымен 2+1 жүйесі бойынша келісімшарт ұсынылады.

Еске салайық, жақында «Қайратпен» келісімшарты аяқталатын Исламхан «Локомотивтен» ұсыныс алғаны жайлы хабарланды. Алматылық клуб сапында футболшы 2014 жылдан бері ойнап келеді. 

Хабар 24 телеарнасы