376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб пен Конордың реваншы қашан өтетіні белгілі болды

  • 537
  • UPD: 12:04, 13.12.2019
Хабиб пен Конордың реваншы қашан өтетіні белгілі болды

UFC басшысы Дэйна Уайт Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор арасындағы реваншты жекпе-жек жақын арада болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Prosports.kz.

Ирландиялық спортшы жартылай орта салмақта қаңтар айындағы жарнамалық шарада Дональд Серронамен төбелеседі. Хабиб Нурмагомедов сәуір айында Тони Фергюсонмен болатын жекпе-жекте өз титулын қорғауға тырысады.

«Егер Конор Ковбойды, Хабиб Тониді жеңсе, біз жақын арада реваншты көреміз», - деді Уайт BT Sport-қа берген сұхбатында.

Қыркүйек айында Хабиб Дастин Порьемен өткен кездесуде UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғады. 

Ал МакГрегор 2019 жылы октогонға шыққан жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы