380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада шаңғы маусымы басталды

  • 210
  • UPD: 14:50, 14.12.2019
Елордада шаңғы маусымы басталды

Жылдағы дәстүр бойынша қала тұрғындары мен қонақтары орталық саябаққа жиналып, арнайы жарысқа қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы бұқаралық шараға  300-ге жуық адам жиналды. Олардың  жасына шектеу қойылған жоқ. Яғни, ең жас қатысушы 6-да болса, ең егдесі 70-тен асқан. Алдымен барлығы 1 шақырым аралықты жүріп өтті. Одан кейін балалар, ересектер және ардагерлер арасында бөлек жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.

Айта кететйік, шаңғы маусымының ашылуына байланысты бұқаралық шара биыл тоғызыншы жыл қатарынан өтіп жатыр.

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Қазақстанымызда осы спортпен шұғылданатын адамдар көп болсын деп айтамыз. Ең басты нәрсе – патриоттық сезім. Егер оның денесі мен тәні мықты болса, оның патриоттық сезімі де жоғары болады. Сондықтан осыған қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы