419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Макгрегор-Серроне жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні ресми жарияланды

  • 582
  • UPD: 19:26, 14.12.2019
Макгрегор-Серроне жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні ресми жарияланды

ММА әлеміндегі жетекші промоушен саналатын Ultimate Fighting Championship (UFC) ирландиялық Конор Макгрегор (21-4) мен американдық Дональд «Ковбой» Серроне (36-13) арасындағы жекпе-жектің өтетін күні мен орнын белгіледі, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Макгрегор мен Серроне 18 қаңтар күні Лас-Вегастың T-Mobile Arena кешенінде өтетін UFC 246 турнирінде жартылай орта салмақ дәрежесінде кездеседі.

Конор Нурмагомедовтен ұтылғаннан кейін алғаш рет октагонға шыққалы отыр.

Серроне биылғы жылы октагонға төрт рет шығып, екеуінде жеңіске жетсе, соңғы екі жекпе-жекте Тони Фергюсон мен Джастин Гаеджиден жеңілді.

Хабар 24 телеарнасы