375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы спортсүйер қауымға теңдессіз сыйлық жасалды

  • 196
  • UPD: 22:30, 14.12.2019
Павлодардағы спортсүйер қауымға теңдессіз сыйлық жасалды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Павлодардың спортсүйер қауымына теңдессіз сыйлық жасалды.

Облыс орталығында көптен күткен жабық футбол манежі қолданысқа берілді. Толық көлемді алаңда жаттығуға қажетті барлық жағдай қарастырылған. Енді футболға ден қойған жас спортшылар ауа райы мен маусымның қай мезгілі болмасын жылы да жайлы орында шеберліктерін шыңдайтын болды. Аймақ басшылығы футболшыларға жағдай жасай отырып, «Ертіс» футбол клубының байырғы дәрежесін қайтаруға күш салатынын жеткізді. Атап өтерлігі бұл спорт кешені демеушілер қаражатына салынған. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген спорттық нысанның құны 1,4 миллиард теңгеге түсіп отыр. Күніне 88 адамды қабылдай алады. Жалпы Павлодар облысы басшылығының спортты дамытуға бағытталған жоспары өте ауқымды. Құрылысы  жүріп жатқан «Спорт Сити» қалашығында бұған дейін ашық футбол алаңы қолданысқа берілген еді.

Мұхит Омаров, облыстық футбол  федерациясының ардагері:

- Мынау Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында біздің спортшыларымыз, футболшыларымыз, керемет бір жақсы сыйлық алып жатыр. Мінекей біздің қысқы жағдайда футболға, футбол маусымына осындай үлкен футбол манежін алып отыр. Бұл манежде қысқы уақытта жазға дейін анау Ертіс командасы, басқа да қосалқы командалар, жастар, балалар командалары осы жерде ойнап, шынығуларына мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы