378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада аула клубтары арасында тоғызқұмалақ турнирі өтті

  • 164
  • UPD: 12:24, 16.12.2019
Елордада аула клубтары арасында тоғызқұмалақ турнирі өтті

Нұр-Сұлтан қаласының аула клубтары арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Командалық бірінші орынды «Эверест» аула клубының жасөспірім спортшылары жеңіп алды. Екінші орынға «Тамерлан» аула  клубының тоғызқұмалақшылары ие болды. 

Жүлдегерлер қатарынан «Береке» аула клубының шәкірттері де көрінді. Жеңімпаз командаға және жүлдегерлерге жарысты ұйымдастырушы «Тамерлан» аула клубының Кубогі, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

 «Тәуелсіздік күні ең басты мерекеміз болғандықтан аула клубтары балалары арасында мерекелік жарыс өткізуді ұйғарып, клубтың кубогын сарапқа салдық. Қызықты әрі тартысты ойындар өтті», деді Мәкен Қайыров, аула клубының жетекші, еңбек ардагері.

Хабар 24 телеарнасы