428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Тәуелсіздік күніне арналған жарыс өтті

  • 717
  • UPD: 17:26, 16.12.2019
Елордада Тәуелсіздік күніне арналған жарыс өтті

Күнделікті оқу-жаттығу айтулы жарысқа айналды.

Елордадағы нөмірі төртінші спорт мектебі Тәуелсіздік күніне орай арнайы біріншілік ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 60-тан астам ескек есу шебері қатысып, жалпы физикалық дайындық бойынша өзара сайысқа түсті. Мұндағы әр элемент ескек есу спортында маңызды рөл атқарады. Ал жеңімпаздар жалпы нәтиже бойынша анықталды.

Айта кетейік, ескек есушілер арасындағы бәсеке Nur Otan партиясының қолдауымен өтті.

Мақсат Аманғазыұлы, Nur Otan партиясы Есіл ауданы филиалы бастауыш ұйымының төрағасы:

– Академиялық ескек есу мен байдарканы жан-жақты насихаттап, бұқаралық сипатын кеңейтіп, жасөспірімдер қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілуде. Дәл осы спортшылар біраз жылдан соң ересектер сапына қосылып, халықаралық додаларда ел намысын қорғайды деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы