411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық байқаушылар: Қазақ күресінің Олимпиада ойындарының қатарынан табылуына мүмкіндік бар

  • 442
  • UPD: 20:26, 16.12.2019
Халықаралық байқаушылар: Қазақ күресінің Олимпиада ойындарының қатарынан табылуына мүмкіндік бар

Ақтөбеде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық додада спортшылар 8 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ұлттық спорттың кең құлаш жайып өркендеп келе жатқандығын бүгінгі өтіп жатқан біріншіліктен байқауға болады. Себебі байрақты бәсекеге АҚШ, Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, мен Германия сияқты 40-тан астам елден спортшы жиналған. Сайыстың алғашқы күні 55 келі салмақта бас жүлдені жерлесіміз Дәулет Ниетбаев иеленсе, екінші орын моңғолиялық Давааниям Букшулумға бұйырды. Үшінші орынды Өзбекстан елінен келген Икрам Абдреимов еншіледі. ЮНЕСКО ұйымының қолдауына ие болған қазақ күресінің болашақта олимпиада ойындарының қатарынан табылуына мүмкіндік бар. Бұл туралы Ақтөбеде өткен жарыста халықаралық байқаушылар мәлімдеді.

Ким Си Хьюн, «ЮНЕСКО» ұйымы орталығының бас хатшысы:

– Қазақ күресі қазір Азия елдері арасында кең таралып отырғандығы байқалады. Бүгінгі жарысқа 40-тан астам елдің спортшылары келгендігі де үлкен жетістік. Болашағы зор деп сеніммен айтуға болады. Дегенмен спорт федерациясы алдында үлкен жұмыс тұр. Халықаралық олимпиада комитетінің талаптары рет-ретімен жүзеге асса, олимпиадалық ойындар қатарына енуге барлық жағдай бар.

Хабар 24 телеарнасы