375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкиннің промоутері 2020 жылы мега-жекпе-жек ұйымдастырмақ

  • 184
  • UPD: 15:17, 17.12.2019
Головкиннің промоутері 2020 жылы мега-жекпе-жек ұйымдастырмақ prosports.kz

Британдық промоутер Эдди Хирн келесі жылы филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық Майки Гарсияның арасында жекпе-жек өткізгісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жек жартылай орта салмақ дәрежесінде өтеді деп жоспарланып отырған көрінеді. Журналист Крис Манникстің мәлімдеуінше, Хирн мен Гарсия осы жекпе-жекті өткізу жайлы келіссөздерді бастап кеткен. Майки алдымен аралық салмақта өз отандасы Джесси Варгаспен кездеспек. Содан кейін филиппиндік боксшымен жұдырықтасады. Мэнни де аралық салмақта рингке шығуға ниетті көрінеді.

Егер бәрі сәтті болса, бұл жекпе-жек 2020 жылдың екінші жартысында өтуі мүмкін. Айта кетерлігі, екі боксшы да бұл жекпе-жек өткізуге дайын екендерін ашық айтып жүр.

Хабар 24 телеарнасы