405,77 457,60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ күресінен әлем чемпионатында балуандарымыз 5 алтын жеңіп алды

  • 623
  • UPD: 17:44, 17.12.2019
Қазақ күресінен әлем чемпионатында балуандарымыз 5 алтын жеңіп алды

15-16 желтоқсан аралығында Ақтөбе қаласында Qazaq Kurеsi-нен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық балуандар 8 салмақ дәрежесінде өткен жарыста 5 алтын жеңіп алды.

Атап айтсақ, олар Дәулет Ниетбай (55 кг), Қуаныш Ысқақов (66 кг), Айдос Ғалымов (74 кг), Нұрым Сәлімгереев (100 кг), Руслан Абдразаков (+100 кг).

Хабар 24 телеарнасы