377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эль-Классико: «Барселона» «Реалды» қабылдайды

  • 345
Эль-Классико: «Барселона» «Реалды» қабылдайды

Бүгін жұмыр жердегі футбол жанкүйерлері асыға тосатын матч өтеді.

Испания чемпионатының кейінге шегерілген 10-турында «Барселона» «Реалды» қабылдайды. Дәл қазір екі мықты да 35 ұпаймен Ла Лигада топ бастап келеді. Каталония командасы сапында жарақатына байланысты шабуылшы Усман Дембеле алаңға шыға алмайды. Мадрид клубында қорғаушы Марсело және жартылай қорғаушылар Хамес Родригес пен Эден Азар жоқ. Зинедин Зидан жастары да жаман емес. Өткен турда олар «Валенсияға» қонаққа барып, 1:1 есебімен тең түсті. Бұл кездесуде қақпашы Тибо Куртуа тамаша ойынымен көзге түсті. «Барселона» «Реал Сосьедадпен» ұпай бөлісті. Эль-Классико елорда уақытымен түнгі бірде басталады.

Хабар 24 телеарнасы