377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Геннадий Головкин «Жыл жекпе-жегі» сыйына ұсынылды

  • 202
  • UPD: 13:35, 18.12.2019
Геннадий Головкин «Жыл жекпе-жегі» сыйына ұсынылды ИноСМИ

Бокс туралы жазатын америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) жыл сайынғы жүлделеріне ұсынылғандардың тізімін жариялады.

Биыл Джо Луистің құрметіне «Он жылдықтың боксшысы» номинациясы қосылды, деп жазады vesti.kz.

«Жыл жекпе-жегі» номинациясына (Мухаммед Әли және Джо Фрейзер құрметіне) Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) кездесуі кірді.

Сонымен қатар бұл тізімде мына жекпе-жектер бар:

Наоя Иноуэ мен Нонито Донэр;
Мэнни Пакьяо мен Кит Турман;
Энди Руис пен Энтони Джошуа;
Эррол Спенс пен Шон Портер;
Джош Тейлор мен Реджис Прогрейс.

«Жыл бапкері» (Эдди Фатч құрметіне): Джей Диз бен Марк Бреланда (Деонтей Уайлдерді жаттықтырады), Деррик Джеймс, Брайан Макинтайр, Эдди Рейносо және Мэнни Роблес.

«Он жылдықтың боксшысы» номинациясы (2010-2019): Сауль «Канело» Альварес, Мэнни Пакьяо, Владимир Кличко, Флойд Мейвезер, Андре Уорд.

«Жылдың боксшысы» (Шугар Рэй Леонард құрметіне):

Сауль Альварес, Мэнни Пакьяо, Наоя Иноуэ, Эррол Спенс, Джош Тейлор

«Жыл менеджері» (Кас Д’Амато құрметіне): Кит Коннолли, Луис Декубас, Питер Кан, Дэвид Макуотер пен Рик Мириган ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы