376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Жаңабаев WBO рейтингінің ТОП-15 тізіміне енді

  • 288
  • UPD: 13:00, 19.12.2019
Нұрсұлтан Жаңабаев WBO рейтингінің ТОП-15 тізіміне енді

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) ТОП-15 рейтингіне кірді, деп хабарлады Vesti.kz.

Жаңартылған рейтингте Жаңабаев 15-ші орында тұр. Ал рейтингтің бұрынғы көшбасшысы литвалық Эгидиюс Каваляускас 15 желтоқсанда жартылай орта дивизионда WBO чемпионы америкалық Теренс Кроуфордтен жеңіліп, бірден оныншы орынға ауысты. 

Айта кетейік, Жаңабаев рингке 21 желтоқсан Ресейде шығу керек еді. Алайда жарақатына байланысты бұл жекпе-жктен бас тартты.

26 жастағы Жаңабаев соңғы рет 14 тамызда Сиднейде жергілікті боксшы Стив Гагоны (11-1, 4 КО) жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдарын иеленген.

Хабар 24 телеарнасы